22 баһман күнінің қорытынды мәлімдемесі
https://itolqyn.com/news/iran-i50330
Исламдық үгіт-насихат жөніндегі үйлестіру кеңесі әлемдік үстемшілдікке қарсы қарсы барлық таптардың бірлігінің қажеттілігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 10, 2021 16:51 Asia/Almaty
  • 22 баһман күнінің қорытынды мәлімдемесі

Исламдық үгіт-насихат жөніндегі үйлестіру кеңесі әлемдік үстемшілдікке қарсы қарсы барлық таптардың бірлігінің қажеттілігін қуаттады.

 

Исламдық үгіт-насихат жөніндегі үйлестіру кеңесі  22 баһман күнінің қорытынды мәлімдемесінде Иран халқына Ислам революциясы жеңісі күнінде автокөлік және мотоциклдер шеруіне қатысқаны үшін алғыс айтып: «22-ші баһман шерушілері әлемдегі барлық азаттық пен шындықты талап етуші халықтардың атынан    исламдық Иран мен әлемнің исламдық ояну ағымындағы рөлін қолдап, имам Хомейниге адалдығын растайтынын жариялады»,- деп қуаттады. Бұл мәлімдеде әлемдік үстемшілер мен күпірлік басшыларына, әсіресе АҚШ-тың демократ үкіметіне исламдық қозғалыстың басталуынан Ислам революциясының жеңісіне дейінгі айқын қателіктерін еске салып: «Иран халқы өзінің ерік-жігері және жиһадтық талпынысымен экономикалық соғыста да Ислам мен исламдық елдің дұшпандарына қайтадан сәтсіздікке ұшыраудың ащы дәмін таттырады»,- деп айтылды.