ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы щеңберіндегі заңды талаптарын қуаттады
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынағы міндеттемелерін орындамаған АҚШ пен Еуропа осы кезде Иранмен жаңа келісім туралы келіссөздер жүргізуге келіскісі келеді.
Иранның ядролық келісіміне қол қойған үш еуропалық мемлекет жұма күні ортақ мәлімдеме шығарып, Теһранның «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелеріне қатысты айыптарын қайталады. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында олардың «Ортақ қадам» келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындамауларына сілтеме жасап және уәждеріне реакция білдіріп: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бір жыл өткен және осы кезге дейін келісімді бұзуды жалғастырып отырған жағдайда, Иран қандай логикамен бұл келісімдегі міндеттемелерін орындауы керек?»- деп жазды. Бұл салада: «Қауіпсіздік Кеңесінде мақұлданған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тағдыры қандай және тараптар тағы бір келісімге қол жеткізу үшін өз міндеттерін орындады ма?» деген сұрақтар туындайды. Расында, Иранның талабы - АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуы емес, санкциялардың алынып тасталуы және ұлттың заңсыз айырылған құқығының қайтарылуы. Бұл АҚШ пен Еуропаның міндеті.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи әуе күштері мен әуе-қорғаныс күштері қолбасшыларымен кездесуінде: «Егер олар Иран қысқартқан бірнеше міндеттемесіне қайтып оралсын десе, АҚШ барлық санкциялардың күшін сөз не қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жойған кезде және олардың жойылғаны Теһран үкіметі тарапынан расталған кезде ғана Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайтып оралады. Бұл – ИИР-ның жауапты басшылары түгел қолдайтын кесімді саясат. Бұл саясаттан ешкім кейін шегінбейді»,- деп қуаттады.
Иранға барынша қысым жасаудың мақсаты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудың орнына жеңілдіктерге жету екендігі түсінікті. Бірақ бұл бопсалауды ешқандай логика қабылдамайды. Бұл сценарий бойынша АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден Иранның талаптарына жауап берудің орнына бұрынғы қателіктер жолына түсті. Қазір, егер дәл сол жол қайталанса, АҚШ-тың төрт жылдан кейін келісімшартты қайтадан тоқтатпауына қандай кепілдік бар?
Саяси сарапшы Абдул Бари Атван: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының философиясы қандай? Ядролық келісім - Обаманың үкіметінде Джо Байден вице-президенттік кезінде қол қойылған келісім. Сондықтан Иран АҚШ-қа келісім шарттарын орындау қажеттілігін қуаттап отыр»,- деді. Иран АҚШ пен басқа тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына наразылық білдіріп, келісімдегі міндеттемелерінің бір бөлігін заңдық механизмдерге сәйкес қысқартты. Сондықтан АҚШ пен Еуропа үшін жалғыз логикалық жол «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне оралу.