Total компаниясы Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларына инвестиция салады
Total компаниясының барлау және өндіру бөлімінің басшысы осы компанияның Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларына инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Total компаниясының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде осы компанияның Қашаған мұнай кенішінің екінші фазасы мен қалпына келетін қуат көздері саласындағы бірнеше жобаға инвестиция салуға дайын екенін қуаттады.Total компаниясының басшысы Қазақстан Президентімен кездесуде осы компанияның жасыл технологияға бет бұрып, атауын Total Energies деп өзгертетінін айтты.Тоқаев та осы кездесуде Total компаниясының даму стратегиясын өзгертуге шешім қабылдағанын қолдап, Қазақстанның 2060 жылға дейін бейтараптыққа қол жеткізуге міндеттелгенін қуаттады.