Рухани: АҚШ-тың біржақты шараларына қарсы тұрудың жалғыз жолы –жұмыла әрекет ету
(last modified Mon, 22 Feb 2021 09:48:01 GMT )
Ақп 22, 2021 15:48 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың біржақты шараларына қарсы тұрудың жалғыз жолы –жұмыла әрекет ету

ИИР Президенті Түркия Президентімен телефон арқылы сұхбатында: «АҚШ-тың біржақты шараларына қарсы тұрудың жалғыз жолы – жұмыла әрекет ету»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани жексенбі күні Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ-тың санкциялары алдында Түркияны қолдайтынын мәлімдеп: «АҚШ-тың біржақты заңсыз шараларына қарсы тұрудың жалғыз жолы – жұмыла әрекет ету»,-деді.

Рухани АҚШ-ың бұрынғы үкіметінің заңсыз қатынасына тоқталып: «АҚШ-тың санкцияларын жою – Иранның заңды әрі қисынды талабы. Санкциялар жойылғаннан кейін ғана Иран өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,-деді.

Ердоған Иран мен Түркияның сауда қарым-қатынасын кеңейту, соның ішінде ұтымды сауда әлеуеттерін пайдалану, аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін нығайту үшін әсерлі диалог пен әріптестік жасау қажеттігін айтты.