Ислам революциясы жетекшісі Иранның ядролық тақырыбына қатысты ұстанымынан артқа шегінбейтінін қуаттады
(last modified Tue, 23 Feb 2021 08:40:43 GMT )
Ақп 23, 2021 14:40 Asia/Almaty

«ИИР басқа жағдайлардағыдай ядролық мәселеде де артқа шегінбейді және елдің бүгінгі және ертеңгі мүддесі мен қажеттілігіне қарай күшін салып алға басады».

Ислам революциясы жетекшісі кеше, дүйсенбі күні Эксперттер кеңесінің төрағасы және халық сайлаған мүшелерімен кездесуінде АҚШ пен еуропалық үш мемлекеттің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартауына қатысты ұстанымын үстемшіл, талапшы және әділетсіз деп атап: «Бұл ұстанымның нәтижесі  Иран халқының оларға деген жеккөрінішін артқаннан басқа еш нәрсеге жеткізбейді. Сонымен бірге, Ислам республикасы ядролық қару мәселесінде өзінің ұтымды ұстанымынан қайтпайды және елдің мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес қажет болған жағдайда уранды байыту деңгейін 60 пайызға жеткізеді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: "Ядролық қару тақырыбы – сылтау. Олар біздің тіпті әдеттегі қаруға қол жеткізуімізге қарсы, өйткені   Ираннан күш-қуатты болғанын қаламайды. Ислам республикасына ядролық қару жасауға кедергі болатын нәрсе - қарапайым адамдардың өліміне себеп болатын кез-келген қарудың, яғни ядролық болсын, химиялық болсын, жасауға тыйым салатын исламдық идеология мен қағидалар»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың ядролық шабуылының салдарынан 220 мың адамның қырығанын және Йеменнің мазлұм халқын қоршауға алынуы мен батыстықтар жасаған әскери ұшақтардың базар, ауруханалар мен мектептерді бомбалауларын еске салып: «Әскери емес қарапайым және жазықсыз халықты өлтіру – америкалықтар мен батыстықтардың әдісі. Ислам республикасы мұндай әдісті қабылдамайды, сондықтан ядролық қару туралы ойламайды. Бұл арада халықаралық сионистік клоун үнемі: «Біз Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз», - дейді. Негізінде оған: «Егер Ислам республикасы ядролық қаруға ие болуға шешім қабылдаса, ол  және одан үлкендері кедергі бола алмайды» деп айту қажет»,- деп мәлімдеді.

 Ислам революциясы жетекшісінің мәлімдемесінде екі маңызды мәселе көрсетілді. Біріншісі:  Иранның ядролық мәселеге макро тұрғысынан қарауы және ядролық ғылымды бейбіт мақсаттарға пайдалануы. Ислам революциясы жетекшісі атом электр станцияларының жақын болашақта таза және арзан энергиямен қамтамасыз ету арқылы маңызды энергия көздерінің біріне айналатынына сілтеме жасай отырып, елдің уран байыту қажеттілігін заңды деп тауып: «Байытуды сол күні бастау мүмкін емес,  сондықтан осы кезден келешекке дайындалу керек»,- деді. ИИР қазба байлықтардың сарқылуы мен экономиканың өсу тенденциясына байланысты атом электр станцияларын салу мен дамытуды таза энергиямен қамтамасыз ету бағдарламаларының басымдығына айналдырды. Екінші мәселе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты: Иранның Ислам кеңесі Мәжілісінің шешімінің заңды қағида ретінде міндетті болып табылуы. Аятолла Хаменеи: «Парламент заң қабылдады, үкімет оны қолдады және олар кешеге дейін мндетті жұмыстарын істеді,   Құдай қаласа, ертең осы заңның тағы бір ісі жасалады»,- деп қосты.

Ислам революциясы жетекшісі: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан кезде, басқалар оған қосылды. Құран бойынша, басқалар міндеттемелерінен бас тартқан кезде, сен де бас тартасың. Оған қарамастан біздің үкімет өз міндеттемелерінен бас тартпады, олардың бір бөлігін бірте-бірте қысқартты. Әрине, егер олар өз міндеттерін орындаса,  бұл қысқартылған жәйттер  қайтарылады»,- деді.  Ядролық ғылым ирандық ғалымдардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға бағытталған бірнеше жылғы күш-жігерінің нәтижесі  және бұл елдің заңды құқығы екенін бір шыңдық ретінде қабылдау қажет.Ислам республикасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің бүкіл міндеттемелерін орындады, бірақ екінші жақ тек ұран айтып, уәде бергені болмаса, қадам баспады.