Рухани: Жау Иранға қарсы экономикалық соғыста сәтсіздікке ұшырады
(last modified Tue, 23 Feb 2021 09:35:07 GMT )
Ақп 23, 2021 15:35 Asia/Almaty
  • Рухани: Жау Иранға қарсы экономикалық соғыста сәтсіздікке ұшырады

ИИР Президенті санкциялардың әсер етпеуін жаудың Иран халқына қарсы экономикалық соғыста сәтсіздікке ұшырауның белгісі деп тапты.

Рухани сейсенбі күні  үкіметтің экономикалық жұмыстарды үйлестіру штабының отырысында Оңтүстік Кореямен, Жапониямен, Иракпен және Оманмен Иранның валюта ресурстарын босату туралы келісім жасағаны туралы хабарлап: «Халықтың жаудың кең ауқымды соғысына қарсы ең жоғары қарсылығы өз нәтижесін берді»,- деді. Рухани жеңілдікті сауда келісімі жүзеге асырылғаннан кейін Иранның Еуразия аймағына экспортының 30 пайызға артқанына тоқталып: «Осы мақсатқа жету үшін Иран әрқашан бейбіт дипломатиялық шараларды   қолданды және Еуразиялық Одақпен жасалған жеңілдікті сауда келісімі соңғы жылдары халықаралық сауда саласындағы ең тиімді  шаралардың бірі болды»,- деп мәлімдеді.