Қалибаф: Санкциялар халықтың бірлігімен бұзылады
Ақп 24, 2021 16:05 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы атом өнеркәсібі санкцияларды алып тастайтын мәмілеге айналғанына тоқталып: «Санкциялар Иран халқының бірлігімен бұзылады»,- деп қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Қалибаф әлеуметтік желідегі парақшасында, Хаттамалық қадағалаудың қысқартылуыменен санкциялардың күшін жою жөніндегі «Стратегиялық іс-қимыл туралы заңның» соңғы қадамының жүзеге асырылғанын хабарлап: «Осы кезеңде атом өнеркәсібі өзінің тамаша күндеріне оралып, санкцияларды алып тастау мәмілеге айналатынына көпшілік сенбейтін еді. Санкциялар да Иран халқының бірлігімен бұзылады»,- деп жазды.
Тегтер