Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың қарсыласу күштеріне қарсы әскери әрекеттеріне реакция білдірді
(last modified Sat, 27 Feb 2021 15:40:01 GMT )
Ақп 27, 2021 21:40 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың қарсыласу күштеріне қарсы әскери әрекеттеріне реакция білдірді

Вашингтонның шабуылдары жалғасып жатқан кезде, АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Сирияның шығысындағы аймақтарды бомбалады.

 

АҚШ өзінің Сирия-Ирак шекарасындағы қарсыласу позицияларына жасаған шабуылдарын: «Ирактағы АҚШ базаларына, соның ішінде Эрбил әуежайына жасалған шабуылдарға жауап болды»,- деп мәлімдеді. Деректер Эрбил әуежайына жасалған шабуылдың, АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігіне жасалған шабуылдар сияқты, Ирак парламентінің мақұлдауына қарамастан, АҚШ-тың бұл елде болуын жалғастыруға сылтау табу үшін күдікті қадам болғанын көрсетеді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде де АҚШ-тың Сириядағы заңсыз шабуылдарды айыптап: «АҚШ-тың жаңа үкіметінің бұл әрекетін Сирияның егемендігі мен ауқымдық тұтастығына қарсы әшкере шабуыл және халықаралық заңдарды бұзу болып, аймақтағы тұрақсыздық пен әскери қақтығыстардың күшеюіне себеп болады»,- деді.

АҚШ пен сионистік режим осы кезге дейін сан рет Сирия, Ирак және Ливанның әртүрлі аймақтарында қарсыласу күштерінің әскери емес позицияларын нысанаға алды. Бұл шабуыл көптеген саяси топтар Джо Байденнің іс-қимылы Трамптың саясатынан өзгеше болады деп күтіп отырған кезде жасалды. Олар Байден аймақтағы шиеленісті жалғастырғысы келмейді және дәл осы мәселе оның сайлау кезінде Трампты жеңуінің себептерінің бірі болды деп ойлады. Осы жағдайды ескере отырып, АҚШ қорқыту әрекеттерімен келіссөздер жүргізіп,  Иранды келіссөздер үстеліне отырғызуға талпынуда.  АҚШ ядролық келісімнен шығуымен сценарийін қайталады. Трамптың ұстанымдары мен одан кейін Джо Байденнің сөздерін   сылтау табудын ортақ негізі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ Американың сионистік режимге деген қатты жақындығын ескере отырып, АҚШ президентінің елінің аймақтағы бұрынғы әрекеттерін өзгерткісі келмейтіні – айқын. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Хасан Ханизада: «Дональд Трамп пен оның командасының негізгі құрамы, Помпео мен Джон Болтон, соңғы үш жылдағы әрекеттері арқылы Иран мен АҚШ-тың аймақтық, жаһандық және екіжақты мәселелер сияқты әртүрлі мәселелер бойынша кез-келген келіссөзге жолын жауып тастады. Ең маңызды шаралар ретінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын, санкциялардың күшеюін, Иран мұнайының экспортына тыйым салу және т.б.  АҚШ Иранға деген ізгі ниетін білдіру үшін практикалық қадамдар жасамайынша, екі тарап арасындағы келіссөздердің кез-келген мүмкіндігі жоққа шығарылады»,- деді. Байденнің келіссөз тезисі де экономика мен қауіпсіздікке барынша қысым жасау туралы. АҚШ үшін бұл ұстанымның нәтижесі - біржақты мүдделерге қол жеткізу. Иран мен АҚШ арасындағы кез-келген келіссөздердің санкцияларды толығымен алып тастап, содан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу, аймаққа араласпау  және шабуылды  қолданбау және бұрынғы қателіктерді мойындау сияқты алғышарттарды қамтамасыз етуді талап ететіні заңды. Алайда, АҚШ осы уақытқа дейін  бұл салада ешқандай шара қолданған жоқ, керісінше қауіпсіздік кеңістік пен  әскери әрекеттер арқылы өзін  артық жағдайда көрсетуге талпынуда.