Зариф: Тек Иран ғана «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болды
(last modified Wed, 10 Mar 2021 10:07:09 GMT )
Нау 10, 2021 16:07 Asia/Almaty
  • Зариф: Тек Иран ғана «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф еуропалық үш мемлекет пен АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағандарына тоқталып, бұл келісімге тек Иранның тұрақты болғанын мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Иран Сыртқы істер министрі сейсенбіде өзінің Twitter-дегі  парақшасында: «АҚШ пен Еуропаның үш елі өздерін көрсетудің орнына міндеттемелерін орындауы керек. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы «алтылық» тобының мүшелерімен (олардың ішіне АҚШ пен Иран енген) қол қойылған келісім»,- деп жазды.