Сардар Қаани: Уақыты келгенде АҚШ-тың қаңқа сүйегінің сынған дыбысы естілетін болады
Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы: «Уақыты келгенде АҚШ-тың қаңқа сүйегінің сынған дыбысы естілетін болады»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сардар Исмаил Қаани Ирактың Иранға таңған соғысы кезіндегі Хейбар және Бадр амалдары барысында шәһид болғандарды еске алу рәсімінде АҚШ-тың сардар Қасым Солейманиді өлтіру арқылы әлемге өзінің қылмыскер екенін көрсеткенін айтып: «Қылмыскер АҚШ-тың қаңқа сүйегін сындырамыз. Оның сынған дыбысы уақыты келгенде естілетін болады»,-деді.
Сардар Қаани: «Жоқтан зымыран жасап, Сауд режимін нысанаға алып жатқан Палестина мен Йеменнің қарсыласу күштері – имам Хомейни (р.) мектебі мен Ислам революциясы шәһидтерінің ізбасарлары»,-деді.