Зариф: Коронавирус пен санкциялар суығы құлдырау қарсанында
ИИР Сыртқы істер министрі «Наурыз 1400 – достық Наурызы» деп аталған отырыста коронавирус пен санкциялар суығының құлдырау қарсанында екенін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні: «Біз санкциялар, әділетсіздік, соғыс және вакцина жинау ғасырынан өтіп, серіктестік, ынтымақтастық, бірлестік, сүйіспеншілік пен достық ғасырына аяқ басамыз»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі коронавирус, озбырлық пен санкциялардың суығының құлдырау алдында тұрғанына тоқталып: «Ешқандай күш жоқ, ал әскери, экономикалық және мәдени дауыстары көкке көтерілгендер көзге көрінбейтін коронавирустың алдында тізе бүкті. Адамзаттың келешегі – ортақ келешек»,- деп мәлімдеді.