Намаки: Иран коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина өндірушілердің бірі болады
(last modified Tue, 16 Mar 2021 11:01:07 GMT )
Нау 16, 2021 17:01 Asia/Almaty

Иранның Денсаулық сақтау министрі алдағы көктемде елінің коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина өндірушілердің бірі болатынын мәлімдеді

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Саид Намаки сейсенбі күні коронавирусқа қарсы «Фахра» вакцинасын егу клиникалық сынақтарының бірінші кезеңінің басталу рәсімінде коронавирус пандемиясы кезінде Иранға салынған санкцияларға сілтеме жасай отырып: «ИИР қарсы санкцияларға қарамастан, коронавирустың алдын алу  саласында елдің әлемде жарқырап тұрғанын бүгін мақтанышпен айта аламын»,- деді. Намаки Иран мен АҚШ-тағы коронавирусқа қарсы жасалған жұмыстарды салыстырып: «Иран Ислам ресолюциясы жетекшісінің ақыл-кеңестерімен коронавирусты бақылауға ала алды. Ал америкалықтар осы күнге дейін коронавирусты бақылау мен басқару саласында нәтижеге жете алмады»,- деп мәлімдеді.

Ирандық «Фахра» вакцинасы  шәһид ғалым Мохсен Фахризаде  басқарған Қорғаныс министрлігінің инновациялар мен зерттеулер ұйымы  шығарды.