Қалибаф: АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды алып тастауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i51200
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне оралуы үшін АҚШ бұл елге қарсы барлық санкцияларды алып тастауы керек»,- деді.
(last modified 2025-04-23T13:41:39+00:00 )
Нау 19, 2021 15:23 Asia/Almaty
  • Қалибаф: АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды алып тастауы керек

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне оралуы үшін АҚШ бұл елге қарсы барлық санкцияларды алып тастауы керек»,- деді.

 

Қалибаф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде расталған халықаралық құжат екенін еске салып: «Іс жүзінде біз АҚШ-тың өз міндеттемесін орындағанын көрмес түгіл, Трамп дәуірінде Иран халқына қарсы халықаралық ережелерге қарсы қоқан-лоққы жасағанын көрдік. Иран  Ислам кеңесі мәжілісінің «Санкцияларды жою және Иран халқының құқықтарын қорғау жөніндегі стратегиялық іс-қимыл» заңы олар әрекет етпесе, біздің біржақты әрекет етуге міндетті емес екенімізді түсіндірді»,- деп мәлімдеді. Қалибаф сондай-ақ ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруы туралы: «Иран еш уақытта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы әрекеттенбеді, бірақ екінші тарап өз міндеттемелерін орындамады»,- деп қуаттады.