Зариф: Жаңа жыл - үстемдік пен қысым көрсету мәдениетінің аяқталуы болатынына үміттенемін
(last modified Sat, 20 Mar 2021 09:59:35 GMT )
Нау 20, 2021 15:59 Asia/Almaty
  • Зариф: Жаңа жыл - үстемдік пен қысым көрсету мәдениетінің аяқталуы болатынына үміттенемін

Иран Сыртқы істер министрі шамси күнтізбесінің 1400 жылының басталуымен құттықтап, Жаңа жылдың үстемдік пен қысым көрсету мәдениеті аяқталатын жыл болатынан үмітін білдірді.

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында Наурыз мейрамы және 1400 жылдың басталуымен құттықтап: «Әлем және шамси (күн) күнтізбесі бар көршілес елдерді Наурыздың келуімен және табиғаттың көктемімен құттықтаймын, Жаңа жылдың халықтар арасында бауырластық пен татулық әкелетініне және зорлық-зомбылық, өлтіру, қоқан-лоққы жасау және үстемдік пен қысым жасау мәдениетті тоқтататынына сенемін»,- деп жазды.