Хатибзаде: Иранға АҚШ-тың тікелей немесе жанама хабарламалар келген жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i51232-Хатибзаде_Иранға_АҚШ_тың_тікелей_немесе_жанама_хабарламалар_келген_жоқ
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Иранға АҚШ-тың жаңа үкіметінен осы күнге дейін тікелей немесе жанама хабарламаның келмегенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 20, 2021 16:22 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иранға АҚШ-тың тікелей немесе жанама хабарламалар келген жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Иранға АҚШ-тың жаңа үкіметінен осы күнге дейін тікелей немесе жанама хабарламаның келмегенін мәлімдеді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан 10 ақпанда  «Джо Байден басқаратын АҚШ-тың жаңа үкіметі Иранмен «жанама дипломатия» жүргізуде» деп уәжденіп: «Иранмен дипломатия тікелей болмаса да, жалғасуда»,- деді.

Саид Хатибзаде жұма күні Sputnik-ке берген сұхбатында ең ұзын және егжей-тегжейлі халықаралық келісімдердің бірінен шыққан Вашингтон екенін ескере отырып, ИИР-ның АҚШ-қа ешқандай хабарлама жібергісі келмейтініне тоқталды.