Сербия президенті Руханимен кездесті
Иран президенті Иран ислам республикасының Еуропалық Одақпен, соның ішінде Балқан өңіріндегі елдермен ынтымақтастықтарды кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.
Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Сербия президенті Томислав Николичты қабылдауында: «Теһран мен Белград ауқымды мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие. Осы мүмкіндіктерді ынтымақтастықтарды кеңейтіп, екі ел халқының мүддесі үшін пайдалана алады» деді.
Рухани сондай- ақ қатыгездік пен лаңкестіктің өрістеуін аймақ пен әлем үшін шынайы түйткілдердің бірі деп атап, лаңкестікті діндермен байланыстыру жолындағы кейбір талпыныстарға сілтеме жасап: «Илаһи діндер, әсіресе ислам діні лаңкестікке қарсы. Лаңкестікпен күресу үшін барша бірігуі керек» деді.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Сербия президенті Томислав Николич те Иранмен қарым- қатынасты кеңейтуге ынта танытып: «Иран ислам республикасының санкциялар кезеңіндегі қарсыласуы мен ядролық келіссөздегі жеңісі оның мәдени күші мен ұлылығын аңғартады» деді.