Иранда армия күніне арналған парадта «С-300» зымырандық құрылғысы көрсетіледі
Сәу 18, 2016 06:46 Asia/Almaty
Иран ислам республикасының армия күні рәсімінде ұзақ қашықтыққа қолданылатын «С-300» зымырандық құрылғысы көрсетіледі.
«С-300» зымырандық құрылғысы ұшақтар мен тактикалық және баллистикалық зымырандарды нысанаға алу үшін қолданылатын қорғаныстық қару болып табылады. Ресей Батыстың Иранға қарсы санкциялары алынған соң «С-300» зымырандық құрылғысының келісімшартына түзету енгізіп, оны Иран ислам республикасына табыс етті.
Тегтер