Зариф Орта Азия елдеріне сапар шегеді
Сәу 03, 2021 14:00 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің төрт елге: Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Түрікменстанға сапары туралы хабарлады.
Иран студенттерінің жаңалықтар агенттігінің (ISNA) мәліметінше, Саид Хатибзаде жұма күні Twitter-дегі парақшасында: «Өркениеттік, тарихи және мәдени ортақтықтарға ие Орта Азиямен қарым-қатынасты дамыту әрқашан Иранның басты басымдықтарының бірі болды»,- деп жазды.
Хатибзаде Мұхаммад Джавад Зарифтың аталған төрт елге дүйсенбі, 5 сәуірде аттанатынын хабарлады.
Тегтер