Арақчи: Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізбейді
https://itolqyn.com/news/iran-i51558
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Иран делегациясы американдық делегациямен ешқандай деңгейде келіссөздер жүргізбейді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2021 15:02 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізбейді

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Иран делегациясы американдық делегациямен ешқандай деңгейде келіссөздер жүргізбейді»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи  жұма күні АҚШ-тың Венада өтетін кездесуге қатысуы туралы: «Иран қатысатын Вена отырысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына  қайтып оралу ықтималын талқылау мақсатында өткізілетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының отырысы және  бұл келісімнің қазіргі мүшелері ғана қатысады. АҚШ Иран қатысатын ешбір отырысқа, олардың ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссясының отырысына қатыспайды, бұл нақты»,- деді.