Иран мен Пәкістанның әскери-теңіз күштерінің бірлескен теңіз жаттығуы өтеді
(last modified Tue, 06 Apr 2021 09:29:38 GMT )
Сәу 06, 2021 15:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістанның әскери-теңіз күштерінің бірлескен теңіз жаттығуы өтеді

Иран армиясының 1-ші әскери-теңіз аймағы штабының қолбасшысы Парсы шығанағы мен Оман теңізінің суларында бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын өткізу үшін Пәкістан теңіз күштері флотының Бандар-Аббастан жаттығу өтетін аймаққа аттанғанын хабарлады.

                                                                                         

 

Осы бірлескен жаттығудың ақпарат өкілі капитан Реза Шейбани бұл әскери-теңіз жаттығуларының мақсатын Иран мен Пәкістанның  теңіз күштері арасындағы жауынгерлік қабілетті жақсарту және ақпарат пен әскери білім алмасу екеніне тоқталып: «Бұл оқу-жаттығу теңіз күштердің құдыретін көрсету, аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату үшін сындарлы және динамикалық өзара әрекеттесу,  сондай-ақ әуе және теңіз тасымалдары, Парсы шығанағы мен Оман теңізінің суларында Иран мен Пәкістанның теңіз күштерінің қатысуымен бірлескен Пассекс операциясын өткізу  мақсатпен өтеді»,- деді. Пәкістан армиясының әскери-теңіз флоты сенбі күні түске дейін Бандар-Аббаста ИИР-ның 1-ші әскери-теңіз аймағына тоқтады.