Ирандық фильм "Атланта" кинофестиваліне жол тартты
https://itolqyn.com/news/iran-i51774
"Африкалық шегіргүл" атты ирандық фильм АҚШ-тың "Атланта" кинофестиваліне жолдама алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2021 16:22 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм

"Африкалық шегіргүл" атты ирандық фильм АҚШ-тың "Атланта" кинофестиваліне жолдама алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мона Зәнди Хақиқидің режиссерлігімен түсіріліп, өткен жылы Иранда онлайн форматта көрсетілген "Африкалық шегіргүл" атты фильм халықаралық экрандарда көрсетілу үдерісін жалғастырып, "Атланта" кинофестиваліне жол тартты.

Атланта кинофестивалі – АҚШ-та Оскар академиясы қолдайтын ең беделді кинофестивальдердің бірі.

45-ші "Атланта" халықаралық кинофестивалі 22 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.