Жетекшінің келіссөздерге көзқарасы
Ислам революциясының жетекшісі: «Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты саясаты айқын. Тек жауапты басшылар келіссөздердің басқа аяға ауыспауын қадағалауы керек. Өйткені бұл елге зиянды болмақ»,-деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні діни белсенділердің бір тобымен бейнеконференция қалыбында өткен "Құран Кәріммен достасу" атты нұрлы рəсімде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, санкциялар мен Вена келіссөздері туралы: «АҚШ-тың келіссөздер өткізуге табандылық танытудағы мақсаты – өзінің жалған сөзін таңуға талпыныс»,-деді.
Ядролық келіссөздердің жаңа кезеңі Иран мен 4+1 тобы арасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру мақсатында 10 күн бұрын Венада басталды. Онда АҚШ санкцияларын әсерлі түрде жою және нақты жойылғанын тексеру жолын табу көзделіп отыр.
Вена келіссөздерінің осы кезеңінде Иран ұстанып отырған саясат мынау: АҚШ алғашқы қадамда санкцияларды жоюы тиіс, өйткені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі көрсеткендей, америкалықтарға сенім жоқ. Бұл ел ядролық келісімнен шығып, өз міндеттемелерін бұзды.
АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін де еуропалық тарап өз міндеттемелерін орындай алмады. Іс жүзінде АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп үкіметінің жолын жалғастырды. Еуропалықтар ашық саясат аясында АҚШ-тың уағда бұзғанын мойындады, бірақ Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, еуропалықтар шешім қабылдауда америкалықтардың ығына жығылып, тәуелсіз қатынас көрсете алмай келеді.
АҚШ-та билік ауысып, Байден үкімет басына келгеннен кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын диалог пен дипломатия арқылы қайда жандандыруға талпыныстар қайта басталды. Ақырында Вена келіссөздері ұйымдастырылды.
Иранның ядролық келісімге қатысты кесімді саясаты – санкцияларды әсерлі түрде жою және жойылғанын тексеру. Осы қатынастан тыс кез келген жоба мен ұсыныс Иран жағынан қабылданбайды. Теһран Венаға тек келіссөздер өткізу үшін бармайды. Байден үкіметің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымы Трамп үкіметінің саясатын жалғастыру болып отыр. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі келіссөздердің аядан шығып кетпеуі туралы ескертті.
Барынша қысым саясатының жеңіліс табуы «қысым, қоқан-лоққы мен бүлдіргі әрекеттердің» келіссөздер үстелінде Ираннан ұпай алудың құралы бола алмайтынын көрсетті.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандырудың жалғыз жолы – санкцияларды әсерлі түрде жою.