Қалибаф: Натанзға жасалған лаңкестік шабуылға жауап беру керек
(last modified Sun, 18 Apr 2021 07:57:27 GMT )
Сәу 18, 2021 13:57 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Натанзға жасалған лаңкестік шабуылға жауап беру керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Натанз ядролық нысанына жасалған лаңкестік шабуылға кесімді түрде жауап беру керектігін және оның қолайлы уақытта атқарылуы тиістігін айтты.

Қалибаф жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысында Натанз ядролық нысанында уранның 60 пайызға байытылғанына тоқталып: «Бұл шара дұшпандарға Иранда ядролық өнеркәсіптің жергіліктендірілгенін дәлелдеп берді»,-деді.

Қалибаф: «Иран халқының ғылым даму жолындағы ерік-жігерін мұқалтуға бағытталған кез келген әрекет пен қысым әсерсіз болмақ»,-деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы елдің дамуына ешкім кедергі бола алмайтынын айтып: «Уранды 60 пайызға байыту дұшпандардың Вена келіссөздерінде Иранның артықшылығын жоюға талпынысына мықты жауап болды»,-деді.

Иранда Натанз ядролық нысанына диверсиялық шабуыл жасалғаннан кейін елдің Атом қуаты ұйымы бұл нысанға жаңа центрифугалар орнатылып, уран байыту деңгейінің 60 пайызға жоғарылағанын хабарлады.