Ваези: Иран үкіметі қажетті вакцинамен қамтамасыз етеді
(last modified Fri, 23 Apr 2021 09:59:06 GMT )
Сәу 23, 2021 15:59 Asia/Almaty
  • Ваези: Иран үкіметі қажетті вакцинамен қамтамасыз етеді

ИИР Президенті кеңсесінің басшысы: «Иран үкіметінің басымдығы - Covid 19 қарсы вакцинацияға қажет вакцинамен қамтамасыз ету»,- деді.

IRNA-ның жұма күні мәліметінше, Махмуд Ваези импортталған вакциналардың егілуі және отандық вакциналардың жағдайы туралы: «Басымдыққа сәйкес вакцина алдымен медициналық персонал, содан кейін егде жастағы адамдар мен аурулары бар адамдарға егіледі»,- деді. Иран Президенті кеңсесінің басшысы содай-ақ вакцинаны басқа елдерден алумен қатар коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаны шығару талпыныстардың жасалуына тоқталып: «Көктемнің соңы, жаздың басына дейін жергілікті вакциналар шығарылып, оларды қолдану басталады»,- деп мәлімдеді. Ваэзидің айтуынша, таяуда коронавирусқа қарсы вакцинаны Ресеймен бірлесіп шығару басталады.