Рухани: Үкімет коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етуге талпынуда
Maм 01, 2021 16:45 Asia/Almaty
Иран Президенті үкіметтің коронавирусқа қарсы вакцинаның импортымен және онымен қамтамасыз ету талпыныстарын жалғастыруын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында: «Халықты вакцинамен қамтамасыз етіп, адамдардың өмірін қорғау үшін шетелдік вакциналардың импорты және отандық вакциналарды қолдау саласында талпынысымызды жалғастырамыз. Вакцина жағдайды жақсартып, адам өмірін сақтап қалуда, тіпті тізбекті бұзуда тиімді болады»,- деді. Рухани сөзінің жалғасында: «Біз бүгін Венада келіссөздер жүргізіп жатырмыз және бұл келіссөздерде ілгерілеушіліктер болды, бірақ біз әліде санкциялардың астындамыз»,- деп мәлімдеді.
Тегтер