Әлем шиіттерінің тоғызыншы имамының туған күнінің жылдығы құтты болсын!
https://itolqyn.com/news/iran-i5239
Бүгін дүйсенбі хиджри-қамаридің 1437-ші жылының ережеп айының 10-шы жұлдызы, 2016-шы жылдың 18-ші сәуірі «Джавад әл-Айме» деп танымал болған әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы – имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 18, 2016 14:36 Asia/Almaty
  • Әлем шиіттерінің тоғызыншы имамының туған күнінің жылдығы құтты болсын!

Бүгін дүйсенбі хиджри-қамаридің 1437-ші жылының ережеп айының 10-шы жұлдызы, 2016-шы жылдың 18-ші сәуірі «Джавад әл-Айме» деп танымал болған әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы – имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.

Бүгін дүйсенбі, хиджри қамари жыл санағы бойынша 1437-ші жылының ережеп айының 10-шы жұлдызы, (2016-шы жыл, сәуір айының 18-ші жұлдызы) «Джавад әл-Айме» деп танымал болған әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы – имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.

Имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 195-ші жылдың ережеп айының оны күні Медине қаласында дүниеге келді. Ол өзінің әкесі имам Реза (ғ.с.) шәһид болған соң мұсылмандарға басшылық ету жауапкершілігін өз міндетіне алды.

Имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның танымал лақап аты –«Джавад». Имам Реза (ғ.с.) перзенті имам Джавад (ғ.с.)-ның дәрежесі туралы айтқан сөзінде: «Мен хазірет Мұса сынды ілімнің теңізіне ие ұлдың әкесімін»,- деген.

ИИР-ның мұсылман халқы имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығында қасиетті мекендерге, әсіресе әлем шиіттерінің тоғызыншы имамының әкесі имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесіне жиналады.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемнің барша мұсылмандары мен азаттық талап ететін азаматтарын имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтайды.