Зариф: Израильдің шабуылы қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің пайдасыздығын дәлелдеді
(last modified Fri, 21 May 2021 09:13:53 GMT )
Maм 21, 2021 15:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Израильдің шабуылы қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің пайдасыздығын дәлелдеді

ИИР-ның Сыртқы істер министрі палестиналықтардың Израильдің апартеид режимінің озбырлығынан қорғану құқығын қуаттап: «Әл-Ақса мешітінің айналасындағы басқа араб аудандарының заңсыз тартып алынуы кейбір араб елдерінің жағдайды қалыпқа келтіруінің пайдасыздығын дәлелдеді»,- деді.

 

 

IRNA-ның хабарлауынша, жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының Палестина жөніндегі отырысында Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчимен оқылған мәлімдемесінде Мұхаммад Джавад Зариф: «Израиль режимі «еврей мемлекеті» деп атанған апартеидтің дискриминациялық және нәсілшілдік саясатына сәйкес палестиналықтардың өз тағдырын өздері шешу құқығын жоққа шығарды. Бұған қоса, ол осы қасиетті Құдсты еврейлендіруді жеделдету және бұл қасиетті қаладағы палестиналық христиандар мен мұсылмандарды жою арқылы оның демографиялық құрамын өзгерту үшін бұрын-соңды болмаған әрекеттер мен түрткілерді жүзеге асырды. Израиль режимінің Палестина халқын жаппай босқынға айналдыруына, олардың жерлерін басып алуына және азап-қорлық көрсетуін жалғастыруына қарамастан, Қауіпсіздік Кеңеске АҚШ тарапынан БҰҰ Жарғысы бойынша өз міндеттерін орындауға және БҰҰ қарарларының бұзылуының алдын алуға тыйым салынуда»,-  деді.