Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқына сионистік режимге қарсы қарсыласу жеңгеннен кейін жолдау жасады
(last modified Sat, 22 May 2021 13:20:38 GMT )
Maм 22, 2021 19:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқына  сионистік режимге қарсы қарсыласу жеңгеннен кейін  жолдау жасады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Палестина қарсыласуын сионистік режиммен 12 күндік соғыстағы жеңісімен құттықтады.

Ислам революциясының жетекшісі бұл мәлімдемесінде   Палестинаның батыл әрі жалынды жастарына сәлемін жолдап: «Осы бірнеше күннің сынағы Палестина халқының юеделін көтерді және қасқыр сипатты жабайы жау Палестинаның біріккен көтерілісіне қабілетсіз екенін дұрыс түсінді.  Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауы Газамен және 48 жылғы  жер мен лагерьлермен ынтымақтастықты сынау палестиналықтардың болашақ стратегиясын көрсетті»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі қылмыстардың жалғасуы және атысты тоқтатуға шақыру сионистік режимнің жеңілгендігін көрсетті және Палестина жастары мен қарсыласу топтарының дайындығы Палестинаны күннен-күнге күшейтіп,  басқыншы жауды күн сайын әлсіздеу ететінің қуаттады. Аятолла Хаменеи  қақтығыстарды бастау мен тоқтату уақыты палестиналық жиһадшы және саяси басшыларының еркіне байланысты екенін, алайда дайындық пен сахнада мықты болудан бас тартуға болмайтынына назар аудартып: «Шейх Джарахтың режим мен сионистік қалашықтар тұрғындарының зорлық-зомбылығына қарсыласу тәжірибесі  Палестина халқының нұсқауы болуы керек»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі сонымен бірге Палестина мәселесі үшін ислам әлемінің толығымен жауапты және бұл тақырыптың діни парыз екенін, сондай-ақ мұсылман үкіметтерінің Палестина халқына шын жүректен қолдау көрсету қажеттілігін қуаттады.  Аятолла Хаменеи халықтардың талабын осы діни және саяси талапты қолдау деп тауып: «Мұсылман халықтар өз үкіметтерінен бұл міндетті орындауын талап етуі керек және өздері мүмкіндігінше қаржылық және саяси қолдау көрсетуге міндетті»,- деп сөзін жалғады.