Қалибаф Палестина халқын жеңісімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i52790-Қалибаф_Палестина_халқын_жеңісімен_құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын жеңісімен құттықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 23, 2021 17:18 Asia/Almaty
  • Қалибаф Палестина халқын жеңісімен құттықтады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын жеңісімен құттықтады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер  Қалибаф Палестина халқын сионистік режимді жеңуімен құттықтап: "Бұл жеңіс егер ислам үмбеті илаһи сүннеттер жолында қадам басып, халыққа иек артса,  тіпті бір қоршалған аймақта да жеңіске жететінін көрсетті",-деді. 

Қалибаф жексенбі күні Мәжілістегі сөзінің басында қарсыласу қозғалысын жеңіспен құттықтап: "Бұл ұлы жеңіс илаһи сүннеттерге иек артудың арқасында орын алды. Бірақ 1960 жылдары сол кездегі араб елдерінің сионистік режиммен соғыста тіпті 5 күн де төтеп бере алмағанын көрдік",-деді.