Қалибаф: АҚХА-тың ядролық нысандардың суреттерін алуға құқығы жоқ
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚХА-ның Ирандағы ядролық нысандардың суреттерін алуға құқығы жоқ",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында: "Иран мен АҚХА-ның арасындағы келісімнің үш айлық мұрсаты аяқталғанын ескеріп, бұл агенттікке Иранның ядролық нысандарының суреттеріне қолжетімділік құқығы берілмейді",-деді.
Иран мен АҚХА "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес Иранның ядролық нысандарына қолжетімділік және қосымша протоколды орындау толығымен тоқтатылады деп келіскен еді.
Соған сәйкес Иран Мәжілісінің заңы бойынша агенттікке қолжетімділік құқығы берілмейді. Сондай-ақ тексеріс жүргізуге рұқсат берілмейді.