Зариф: Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет ұрлаған 110 миллион доллардан алыңдар
https://itolqyn.com/news/iran-i53060-Зариф_Иранның_үлесін_АҚШ_тың_соңғы_рет_ұрлаған_110_миллион_доллардан_алыңдар
Иран Сыртқы істер министрі: «БҰҰ Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет тонаушылықпен тартып алған 110 миллион доллардан ала аласыңдар»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 04, 2021 15:00 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет ұрлаған 110 миллион доллардан алыңдар

Иран Сыртқы істер министрі: «БҰҰ Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет тонаушылықпен тартып алған 110 миллион доллардан ала аласыңдар»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-де: ««Төңкерілген фактілер» әлемінде БҰҰ төлемді кешіктіргені үшін Иранды Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырды.   БҰҰ-ның төлемдері түгіл АҚШ-тың экономикалық терроризмінің Иранның азық-түлік сатып алуға қажет ақшаны төлеуге мүмкіндік бермей отырғаны ескерілмеген»,- деп жазды. Хабарламамен бірге Зариф өзінің БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке ағылшын тілінде жазылған хатының суретін де жариялады.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың  110 миллион долларды ұрлау туралы айтып, Вашингтонның танкерді тәркілегеннен кейін шамамен 2 миллион баррель ирандық шикі мұнайды сатуын еске салуда.