Ирандық вакцинамен әлемдік коронавирусқа қарсы тұру
(last modified Tue, 15 Jun 2021 13:56:02 GMT )
Маусым 15, 2021 19:56 Asia/Almaty
  • Ирандық вакцинамен әлемдік коронавирусқа қарсы тұру

Иран коронавирусқа қарсы вакцина өндірушілердің дүниежүзілік клубына қосылды.

 

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының өкілі Киануш Джаханпур дүйсенбі күні Twitter-дегі өз парақшасында «Coviran Barakat»  вакцинасын шұғыл пайдалану лицензияның берілгенін және Иранның коронавирусқа қарсы вакциналар  өндірушілер клубына қосылғанын хабарлап: «Иран, Ұлыбритания, Үндістан, Ресей, Қытай және АҚШ вакцина өндірушілер клубының мүшелері»,- деді. Американдық және британдық компаниялардың кең жарнамасына қарамастан, әлемнің көптеген елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалуда.  

Иранда  вакцина шығару саласындағы 8 ірі жобасы бұл стратегиялық өнімді шығарып, өндіру жұмысын аяқтауда. Имам Хомейнидің шешімдерін іске асыру штабы мен Иранның Баракат орталығы, Пастер институты, Рази вакцина институты, бірқатар медициналық университеттер, Қорғаныс министрлігі және  білімге негізделген компаниялар аталмыш жобаны жүзеге асырушылар қатарында. Иранға 112 миллион доза вакцина қажет. Иран елде құрылған инфрақұрылымының арқасында жылына 197 миллион доза вакцина өндіруге қабілетті болады. Өндірістің осы көлемімен елдің тұрғындарын вакцинацалаумен қатар вакцинаны экспорттау мүмкіндік те туады. Әлемнің вакциналарға деген  қажеттілігіне байланысты экономикалық пайда көру де мүмкін болады.  Имам Хомейнидің шешімдерін іске асыру штабының Barakat вакцинасы жобасының директоры Хасан Джалили: «Біздің міндетіміз - вакциналарды көптеп шығару, сондықтан біз максималды қуаттылықпен вакцина өндірісін желілерін шығаруға талпынамыз. Француздық La Croix газеті өткен аптада: «Әлемнің көптеген елдері коронавирусқа қарсы вакцинаға ие болу үшін басқа елдерден тапсырыс беру тізіміне көз тігіп, кейде тіпті олар тапсырыс берген вакциналардың тиімділігіне күмән келтіріп жатқанда, Иран, Куба және Нигерия бұл вакцинаны өндіруге бекінді. Әлемнің көптеген елдері коронавирусқа қарсы вакцинаны басқа елдерден алу үшін немесе БҰҰ-ның қарамағындағы Covax бағдарламасымен қамсыздандыру кезегінде тұрса, Иран ішкі әлеуеті мен мүмкіндігіне сүйеніп, COVID-19 қарсы вакцинаны өзі шығаратын елдердің қатарына қосылды. Татарстан  Ғылым академиясының проректоры Вадим Хоменко осы ғылыми сәттіліктің маңыздылығы жөнінде: «Ирандағы коронавирусқа қарсы вакцинаның өндірісі бұл елдің ғылым мен фармацевтикалық технологиялар саласындағы үлкен әлеуетін көрсетеді. Коронавирусқа қарсы вакцинаның өндірісі Иранның әлемдік деңгейде ғылым мен технология саласындағы беделін арттырады»,- деді.