Әлем кубогы-2022 іріктеу ойындары. Иран турнир кестесінде бірінші орынға шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i53312-Әлем_кубогы_2022_іріктеу_ойындары._Иран_турнир_кестесінде_бірінші_орынға_шықты
Иран ұлттық футбол командасы Ирак командасын 1: 0 есебімен жеңіп, Әлем кубогы-2022 іріктеу кезеңінің соңғы кезеңіне өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 16, 2021 15:20 Asia/Almaty

Иран ұлттық футбол командасы Ирак командасын 1: 0 есебімен жеңіп, Әлем кубогы-2022 іріктеу кезеңінің соңғы кезеңіне өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран ұлттық футбол командасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сейсенбі күні Ирак командасын 1: 0 есебімен жеңіп, 18 ұпаймен жетекші команда ретінде келесі кезеңге өтті. Азиялық іріктеу кезеңінің үшінші тобының кездесуі Бахрейннің Манамасындағы Шейх Әли Бин Мұхаммад әл-Халифа стадионында өзбекстандық Ильгиз Танташевтің төрешілігімен өтті.