Ислам революциясының жетекшісі: Сайлау күні – Иран халқының күні
(last modified Fri, 18 Jun 2021 06:26:17 GMT )
Маусым 18, 2021 12:26 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі сайлау күнің Иран халқының күні деп тауып: «Бүгін халық дауыс беру учаскелерге барып, дауыс беріп, елдің тағдыры мен келешек жылдардағы міндеттерін анықтайды»,- деді.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісі бүгін, жұма күні Теһран уақыты бойынша сағат 7:00 имам Хомейни атындағы хосейниеге барып, 13-ші президенттік және 6-шы қала мен ауылдар исламдық кеңесінің сайлауы, сондай-ақ діни жетекшінің Хобрегон мәжілісі мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің кезеңдік сайлауына қатысып, дауыс берді.

Аятолла Хаменеи содан соң сөйлеген сөзінде сайлау күнің Иран халқының күні деп атап: «Бүгін халық дауыс беру учаскелерге барып, дауыс беріп, елдің тағдыры мен келешек жылдардағы міндеттерін анықтайды. Сондықтан бұл күн халықтың күні. Осы шындыққа сүйене отырып, адамның көрегендігі кез келген адамға ұлттық және халықаралық сынаққа қатысуды бұйырады. Біздің халықты сайлауға қатысуға бірнеше рет шақыруымыздың себебі, біріншіден сайлауға қатысудан халықтың өзі пайда көреді және Ислам республикасы да халықаралық аренада үлкен ұпайға ие болады»,- деді. Аятолла Хаменеи әр адамның дауысын маңызды деп біліп: «Барлығыңыз келіп, дауыс беріңіздер және ешкім «менің бір дауысым ештеңе шешпейді» деп айтпасын, өйткені дәл осы бір дауыстан халықтың миллиондаған дауысы құралады»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи өзінің дауыс беруге асығу туралы үнемі айтқан кеңестеріне тоқталып: «Илаһи ниетпен бұл міндетті жылдамырақ орындаған, жақсырақ»,- деді.