Раиси: Мен Байденмен кездеспеймін
Иранның сайланған президенті АҚШ президентімен кездескісі келмейтінін мәлімдеді.
Иранның сайланған президенті Сейед Ибрахим Раиси тілшінің «Санкциялар жойылғаннан кейін АҚШ президентімен кездесуге дайынсыз ба?»- деген сұрағына: «Жоқ»,- деп бір сөзбен жауап берді. Ол сонымен қатар, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімі мен оның қайта өркендеуі сіз үшін қаншалықты маңызды және сіз АҚШ пен Еуропа үшін қандай хабарлама жасайсыз?» деген сұраққа: «АҚШ пен еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қалай әрекеттенгендеріне назар аударсын, американдықтар оны бұзды және еуропалықтар өз міндеттемелерін орындамады», - деді. Раиси: «Мен АҚШ-қа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сай санкцияларды алып тастағуа міндетті болғанын, бірақ өз міндеттемелерін орындамағанын еске саламын. Сондықтан америкалықтарға міндеттемелеріне оралып, оларды іске асырыңдар және еуропалықтарға АҚШ-тың саяси қысымына бағынбаңбай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерінді орындаңдар деймін»,- деп мәлімдеді.