Ирандық баспаның төрт кітабы Ресейдегі жылдың үздік кітабы тізіміне тіркелді
(last modified 2021-06-22T15:32:09+00:00 )
Маусым 22, 2021 21:32 Asia/Almaty
  • Ирандық баспаның төрт кітабы Ресейдегі жылдың үздік кітабы тізіміне тіркелді

Ресейлік баспагерлер қауымдастығының қазылар алқасы 2019 және 2020 жылдардағы 13 негізгі тақырыптағы еңбектерге шолу жасап, «Ибн Сина» қорымен байланысты «Садра» басылымының төрт кітабы Ресейдегі жылдың үздік кітабы тізіміне енді.

IRNA-ның дүйсенбі күні мәліметінше, «Ибн Сина» қорымен байланысты «Садра» басылымының  Ресейдегі жыл кітабы тізіміне енген кітаптары жарияланды: Ресей Ғылым академиясының Философия институтымен бірлесіп басылып шығарылған 2020 жылғы ең жақсы оқулық кітап - Сергей Бородайдың «Тіл және таным» кітабы. Мұхаммад Реза Юсефидің балаларға арналған Шахнаме хикаялары сериясынан «Судабе  және Сиавуш» кітабы - 2020 жылғы ең жақсы балалар кітабы. Рухани, тарихи және діни шығармалар тақырыбымен  доктор Лукашовтың «Голшан Раз Шабестари» аудармасы мен зерттеулері   2020 жылғы ең үздік кітап ретінде таңдалған кітаптардың бірі. Сондай-ақ Ресей православие шіркеуі кеңесі  «Голшан Раз Шабестаридің» аудармасы мен зерттеулері үшін «Садра» басылымын тағы бір құрмет дипломмен марапаттады. Ұлттар мәдениетін дамыту саласында доктор Геличханидің «Иран каллиграфиясы» кітабының орыс тіліндегі аудармасы 2019 жылғы Ресейдегі ең жақсы кітап ретінде құрмет дипломына иеленді.   

 

Тегтер