Иранның Мұнай министрі: Бүкіл елді газбен қамту 95 пайызға жетті
Маусым 24, 2021 16:34 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі бүкіл елді газбен қамтамасыз етудін 95 пайызға жеткенін мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бижан Намдор Зангане бейсенбі күні: «Бүкіл елді газбен қамтамасыз ету 95 пайызға жетті. Бұл өте жоғары деңгей»,- деді. Зангане Мұнай министрлігінң ұлттық жобаларды іске қосу рәсімінде: «Иранның Мұнай министрлігі өткен сегіз жылда табиғи газбен қамтылған ауылдардың саның 14000 ауылдан 35000 жеткізді. Иранның алты облысындағы газбен қамтамасыз ету жобалары Иран Президенті Хасан Руханидің бұйрығымен салтанатты түрде ашылды.
Тегтер