Иранның Мұнай министрі: Бүкіл елді газбен қамту 95 пайызға жетті
(last modified Thu, 24 Jun 2021 10:34:40 GMT )
Маусым 24, 2021 16:34 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі: Бүкіл елді газбен қамту 95 пайызға жетті

Иранның Мұнай министрі бүкіл елді газбен қамтамасыз етудін 95 пайызға жеткенін мәлімдеді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бижан Намдор Зангане бейсенбі күні: «Бүкіл елді газбен қамтамасыз ету 95 пайызға жетті. Бұл өте жоғары деңгей»,- деді. Зангане Мұнай министрлігінң ұлттық жобаларды іске қосу рәсімінде: «Иранның Мұнай министрлігі өткен сегіз жылда табиғи газбен қамтылған ауылдардың саның  14000 ауылдан 35000 жеткізді. Иранның алты облысындағы газбен қамтамасыз ету жобалары Иран Президенті Хасан Руханидің бұйрығымен салтанатты түрде ашылды.