Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі: Американдықтар Ауғанстанды азаматтық соғыстың шегіне тіреді
Маусым 28, 2021 15:30 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі әрі Иран Сыртқы істер министрлігінің Батыс Азия істері жөніндегі бөлімінің бас директоры американдықтар Ауғанстаннан жауапкершіліксіз қашып, елді азаматтық соғыстың шегіне тірегенін қуаттады.
IRNA-ның хабарлауынша, Сейед Расул Мусави дүйсенбі күні «Жауапсыз қашу, жауапты кіру» деген твитінде: «Үкімет, моджахедтер және барлық ауғандық ұлттық күштер Ауғанстанның болашағы туралы жауапкершілікпен ойланып, батыл шешімдер қабылдау арқылы елді құтқаруы қажет»,- деп жазды.
Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО әскерлерінің жауапсыз шығарылуымен соңғы апталарда Талибан күштері алға жылжып, Ауғанстанның едәуір бөлігін басып алуда.
Тегтер