Иран Ауғанстандағы оқиғаларға алаңдауда
(last modified Tue, 06 Jul 2021 13:27:30 GMT )
Шіл 06, 2021 19:27 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстандағы оқиғаларға алаңдауда

ИИР қырық жылдан астам уақыт бойы көршілес Ауғанстаның босқындарына қолдау көрсетіп, оларға Иран азаматтарымен бірдей қызметтерді кемсітусіз ұсынды.

Ішкі істер министрлігінің сыртқы істер және иммигранттар істері жөніндегі бас директоры Мехди Махмуди дүйсенбі күні Ауғанстан парламентінің мәдени және діни комиссиясының төрағасы Амир Гольшахимен және осы елдің бірнеше өкілімен кездесуінде бұл  мәселені көтеріп, бұл саладағы  алаңдаушылықтар мен кейбір проблемаларға тоқталды.

Ауғанстандағы қазіргі қақтығыстың бұл елдің болашағы үшін жағымсыз салдары болары сөзсіз. Соның бірі – босқын адамдардың санының артуы. Соңғы жылдары Ауғанстан үкіметі және ауған босқындары мен азаматтарын қабылдаушы елдердің, әсіресе Иран  тарапынан босқындарды өз еліне оралуға жігерлдендіру үшін көптеген күш-жігер жұмсалғанымен, босқындардың көпшілігі әлі оралуға жағдай таба алмады. Осындай жағдайда тынышсыздықтардың күшейуімен, біз Ауғанстаннан басқа елдерге көшудің жаңа толқынына куә болып отырған сияқтымыз. БҰҰ, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Ауған босқындары агенттігінің есептері қақтығыс шиеленіскеннен кейін көрші елдерге мигранттар ағымы көбейіп келе жатқанын көрсетеді. БҰҰ Гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәліметінше, адамдар соғыс пен зорлық-зомбылық салдарынан үйлерін және ауылдарын тастап кетуге мәжбүр болды.  Босқындардың шамамен 60 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Ауғанстанның босқындар  істері министрі Нур-Рахман Ахлакидің айтуынша, қазіргі уақытта ИИР-да құжаты бар немесе жоқ 2,5 миллион ауған азаматы өмір сүруде. Ауғанстандағы қауіптілік пен зорлық-зомбылықтың күшеюі, елдің ішінегі және шетелдердегі миллиондаған адамның босқынға айналуы соғыстың, оның ішінде АҚШ-тың бұл елді басып алуы мен  20 жылдық әскери орналасуының нәтижесі болды. Иран Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті өз елінің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі деп санайды және осы ұстанымымен бейбітшілік орнатылу және ауғанаралық диалогтың алға жылжуын қолдайды.