Теһранда ауғанаралық диалог басталды
(last modified Wed, 07 Jul 2021 08:52:44 GMT )
Шіл 07, 2021 14:52 Asia/Almaty

ИИР ұйымдастырған ауғанаралық диалог Теһранда басталды.

 

 

Ауғанаралық диалог бүгін, сәрсенбі күні Теһранда Ауғанстан үкіметі өкілдерінің, жоғары деңгейдегі қайраткерлерінің және Талибанның саяси өкілдерінің қатысуымен,  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің сөз сөйлеуімен басталды. Зариф кездесудің ашылуында АҚШ-тың Ауғанстанға әскери араласуы және бұл елде жиырма жылдан астам уақыт болуына тоқталып: «Бүгін Ауғанстан халқы мен саяси басшылары өз елінің болашағы үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек», - деді.  Иранның Сыртқы істер министрі Ауғанстандағы жалғасып жатқан қақтығыстың жағымсыз нәтижелеріне сілтеме жасап, ауғанаралық диалогқа қайта оралуды және саяси шешімдерге деген міндеттемені Ауғанстан басшылары мен саяси ағымдарының ең жақсы таңдауы деп тауып, бұл елдегі қайшылықтар мен дағдарысты шешу үшін әртүрлі фракциялар арасындағы келіссөздерге көмектесуге Иранның дайын екінін жариялады. Зариф сонымен бірге бейбітшілік орнағаннан кейін ИИР-ның Ауғанстанның жан-жақты саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосуға дайындығын қуаттады. Теһран отырысына Ауғанстан үкіметінің делегациясын елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Юнус Кануни және Талибан өкілдерін топ штабы бастығының орынбасары Аббас Станикзай басқарып келді.