Теһрандағы ауғанаралық келіссөздердің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
(last modified Thu, 08 Jul 2021 10:41:05 GMT )
Шіл 08, 2021 16:41 Asia/Almaty
  • Теһрандағы ауғанаралық келіссөздердің қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Теһранда өткен ауғанаралық бейбітшілік диалогқа қатысушы тараптар алты баптан тұратын мәлімдеме жасады.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі мен бейсенбіде Теһранда өткен ауғанаралық бейбітшілік диалогқа қатысушы тараптар 6 баптан тұратын мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде былай деп айтылды: «Екі тараптың делегациялары ИИР-ның Ауғанстандағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі күш-жігері мен ізгі ниетін және көрсетілген қонақжайлылықты жоғары бағалады. Екі тарап та соғысты жалғастырудың қауіптілігі мен оның Ауғанстанға тигізетін зиянын ескере отырып,  соғыс Ауғанстан мәселесін шешетін жол емес екеніне және барлық күш-жігерді саяси және бейбіт жолмен шешуге бағыттау керектігі  туралы келісімге келді. Келіссөздер достық жағдайда өтті және барлық мәселелер егжей-тегжейлі және нақты түрде талқыланды. Тараптар Теһран кездесуін Ауғанстан мәселесін саяси шешуді күшейтудің жаңа мүмкіндігі деп санайды».