Ауғанаралық диалог – Ауғанстандағы қиындықтарды шешетін жалғыз жол
(last modified Thu, 08 Jul 2021 13:48:49 GMT )
Шіл 08, 2021 19:48 Asia/Almaty
  • Ауғанаралық диалог – Ауғанстандағы қиындықтарды шешетін жалғыз жол

Теһрандағы Ауғанстан делегациялары мен Иранның арасындағы үшжақты келіссөздер ауғанаралық диалог арқылы бұл елде бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында өтті.

 

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-де Теһранның Ауғанстан халқының жанында екеніне назар аудартып: «Иран Сыртқы істер министрлігі сәрсенбіде жоғары деңгейлі ауған өкілдерімен достық және мазмұнды сұхбат өткізді»,- деп жазды. Иран Ауғанстанға көршілес және осы елмен ұзақ шекараға ие мемлекет ретінде бұл елдегі оқиғаларға ерекше назар аударады, өйткені Иран мен Ауғанстан халқының мәдени, тілдік және діни ортақтықтарына байланысты бұл елдегі оқиғалар Иран үшін маңызды. Иран мен Ауғанстан халқы арасындағы жақсы қарым-қатынастар, Ауғанстан азаматтарының Иранға көшуі және ауған иммигранттарының Иранда 40 жылдан астам уақыт болуы, ауғандықтардың ИИР өздерінің екінші үйі деп санауына себеп болды. Ауғанстан үкіметінің саяси делегациясымен бірге  Талибан тобы өкілдерін  Теһрандағы үшжақты келіссөздерге қатысуға шақыруы Иранның Ауғанстандағы барлық саяси фракциялардың     мүдделеріне  деген құрметін көрсетеді. Иран ауғанаралық диалогқа қайта оралуды және саяси шешімдерді қабылдауды Ауғанстан басшылары мен түрлі саяси ағымдар үшін ең жақсы таңдау деп санайды.  Теһран отырысы Ауғанстандағы қазіргі қақтығыстар мен дағдарыстарды шешу үшін әртүрлі ауған топтары арасындағы келіссөздер үдерісін жеделдетуге көмектесу мақсатында өткізілді. Ауғанстандағы барлық саяси топтарға АҚШ-тың осы елдегі әскери күші әсер етті, ал Ауғанстандағы түрлі этникалық топтар АҚШ-қа сенбейді. Бұл мәселе Ауғанстанның шынайы достарының, әсіресе Иранның қолдауымен Ауғанстан арасындағы келіссөздерді тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік көлеңкесінде абадтанған Ауғанстан құру үшін жүргізудің маңыздылығын екі есе арттырады. Осы себепті Иран Сыртқы істер министрі Ауғанстанның жоғары деңгейлі өкілдерімен Тегерандағы келіссөздерді мағыналы деп бағалады.