Раиси: Иран Палестинаны қорғауды жалғастырады
Шіл 14, 2021 16:42 Asia/Almaty
Иранның жаңадан сайланған президенті ХАМАС қозғалысының саяси бюросының жетекшісі Исмаил Хание мен Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Зиад әл-Нахалеге Теһранның бұл елді қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Раиси телефон арқылы сұхбатында сионистік режиммен «Құдс қылышы» шайқастағы үлкен жеңіспен құттықтап: «Құдс азат етілгенге дейін Иран Палестинаны қорғап, халқына қолдау көрсететініне сенімді болыңдар»,- деді.
Хание Раисиді ИИР Президенті болып сайлануымен құттықтап, Иранның Палестина мәселесіне қолдау көрсетуіне алғысын айтты. Әл-Нахале де Раисиге сәттілік тілеп, Иранның Палестина халқы мен қарсыласу ағымын қолдауына ризалығын білдірді.
Тегтер