Зариф: Санкциялар Иранның дамуына әсер етпейді
(last modified Thu, 15 Jul 2021 09:40:56 GMT )
Шіл 15, 2021 15:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Санкциялар Иранның дамуына әсер етпейді

Иран Сыртқы істер министрі әлеуметтік желілердің бірінде АҚШ Президентіне: «Санкциялар Иранның дамуына әсер етпейді. Статистикаға назар салыңыз»,-деп кеңес берді.

Мұхаммад Джавад Зариф әлеуметтік желілердің біріндегі жеке парақшасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғанына 6 жыл толуына орай өткен отырыста: "6 жыл бұрын осындай күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жетінші кезеңге аяқ басқан мәселесін қантөгіссіз шешіп берді",-деді.

Зариф: «АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама өзі салған санкциялардың Иранды да, оның центрифугаларын да істен шығара алмағанын түсінді»,-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі осы жазбасында АҚШ-тың санкцияларына және Иранның ядролық бағдарламасының дамуына қатысты статистиканы жариялады. Бұл статистикалық мәліметтер санкциялардың Иранның дамуына әсер етпегенін көрсетеді.