Рабии: Тұтқындарды босатудың кешеуілдеуіне АҚШ үкіметі жауапты
Шіл 20, 2021 18:52 Asia/Almaty
ИИР үкіметінің өкілі: «АҚШ үкіметі екі жақтағы тұтқындарды босатудың кешеуілдеуіне жауапты»,- деді.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Әли Рабии сейсенбі күні Иран мен АҚШ арасындағы 10 тұтқынмен алмасудың соңғы жағдайы туралы: «ИИР соңғы жылдары бірнеше рет қамаудағылар мен олардың отбасыларының адамдық қадір-қасиетін сақтау үшін тұтқындарды айырбастауға дайындығы жариялады. Иранның дайын екендігі туралы мәлімдемесі АҚШ-тың қазіргі Президенті Джо Байденнің билігіне ғана байланысты емес және егер осы күнге дейін айырбастың орын алмауы АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметінің дайын еместігінен»,- деп мәлімдеді.
Тегтер