Иран бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолында Ауғанстанды қолдайды
(last modified Tue, 20 Jul 2021 13:56:49 GMT )
Шіл 20, 2021 19:56 Asia/Almaty
  • Иран  бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолында Ауғанстанды қолдайды

Иран әрқашан Ауғанстан халқы арасындағы бауырластықты нығайтқысы келді.

 

Осы мәселеге баса назар аудара отырып, дүйсенбі күні Теһранда көрші елдер мен аймақ, оның ішінде Қытай, Қазақстан, Ресей және түрлі этностардың жеке тұлғаларының қатысуымен «Ауғанстан: бейбітшілік және тұрақты қауіпсіздік» виртуалды конференциясы өтті. Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Алиакбар Велаяти сөйлеген сөзінде ИИР-ның бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолында Ауғанстан халқына қолдау көрсетуіне тоқтаып: «Ауғанстан тарихы бұрынғы Кеңес Одағы Қызыл армиясынан бастап, АҚШ пен НАТО басқыншылығына қарсылығы кезеңіндегі халықтың отарлаушылар мен билеп-төстеуге қарсы батылдығы мен төзімділігіне толы»,- деді. Осы кезде бұл елдің басып алынуы мен жүздеген мың әскерді орналастырылуы және миллиардтаған доллардың жұмсалуына 20 жыл толды. Бірақ Ауғанстанда бұл басқыншылықтан тек соғыс пен тынышсыздық. Американдықтар Ауғанстанда да, Ирактағындай көптеген қылмыстар жасады. Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болған қазіргі кезде, олар соғыс жағдайды қалдырып, өздерінің кетуі аймақтағы, әсіресе Ауғанстандағы соғыс пен қауіпсіздікке әкелді деп көрсетуге талпынуда. АҚШ-тың Ауғанстаннан шығу себептерінің бірі - осы елдегі адами және қаржылық орасан шығындары.  Costs of War  институтының мәліметтері бойынша, АҚШ соңғы 20 жылда Ауғанстандағы соғысқа 2 трлн. 226 млрд. доллар жұмсады. Сондай-ақ, NBC News арнасының мәліметінше, «АҚШ ұзақ соғыста 2300 әскерінен айырылып, мыңдаған сарбазы жарақат алды».

Тарих фактілері көрсеткендей, Ауғанстан халқы кез-келген  басқыншылыққа қарсы тұрды, ал Шығыс пен Батыс шапқыншылары ауған моджахедтерінің еркі мен қарсылығына қарсы сәтсіздікке ұшырады және осы жерден қуылды. ИИР-ның ресми өкілдері сан рет Иранның Ауғанстандағы талпынысының негізгі бағыты бұл елдің үкіметіне тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнатуға көмектесу және Теһранның бұл мәселеде күш-жігерін аямайтынын жариялады.