Раиси: «Құдс семсері» амалы – басқыншылармен күрестегі ірі серпілістің белгісі
(last modified Sat, 07 Aug 2021 14:06:17 GMT )
Там 07, 2021 20:06 Asia/Almaty

Иран президенті сейіт Ибраһим Раиси Хамас қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен кездесуінде: «Құдс семсері» амалы – басқыншылармен күрестегі ірі серпілістің белгісі»,-деді.

Президент кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  сейіт Ибраһим Раиси жұма күні кешке Хамас қозғалысынң саяси кеңсесінің  басшысы Исмаил Ханиямен кездесуінде оның Құдсты азат ету және Палестина басқыншылығын тоқтату туралы үмітке толы көзқарасына алғыс айтып: «Бүгінде қарсыласу қозғалысының ірі жеңісінің нышандары байқалады. «Құдс семсері» амалы – осы жеңістің белгілерінің бірі»,-деді.

Доктор Раиси «Құдс семсері» амалының досқа үміт сыйлап, дұшпанның сағын сындырғанын айтып: «Бұл жеңістің маңызды жолдауы мынау: Палестинада қарсыласу теориясы нәтиже берді, алда да бере бермек»,-деді.

Хамас қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания осы кездесуде Палестинаның қайратты халқы атынан аятолла Раисиді құттықтап: «ИИР мен имам Хомейни (р) Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап Палестина мәселесіне жіті көңіл бөліп келеді»,-деді.