Иранның жаңа вице-президенті тағайындалды
https://itolqyn.com/news/iran-i54452
ИИР Президенті өз бұйрығында Мұхаммед Мохберді вице-президент етіп тағайындады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2021 19:14 Asia/Almaty
  • Иранның жаңа вице-президенті тағайындалды

ИИР Президенті өз бұйрығында Мұхаммед Мохберді вице-президент етіп тағайындады.

Ислам революциясы жетекшісінің 2007 жылғы бұйрығымен имам Хомейнидің (р.) бұйрықтарын орындау штабының басшысы қызметіне тағайындалған Мұхаммед Мохбер – халықаралық құқық докторы.

Иранның оңтүстік-батысындағы Дезфулда дүниеге келген Мұхаммед Мохбер шах заманында революциялық белсенділіктермен айналысып, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін жоғары лауазымдарда қызмет атқарған, Қасиетті қорғаныс жылдарында Дезфулдағы Сақшылар корпусының медициналық бөлімінің басшысы, Дезфул телекоммуникация басқармасының директоры, Хузистан облысы әкімінің орынбасары және Әл-ауқаты төмендерге көмектесу қорының коммерциялық директоры болған.