Имам Хаменеи: Ислам республикасы уран байыту үшін ешкімнен рұқсат күтпейді
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сейсенбі күні шәһид Раиси және басқа да қызмет шәһидтерінің отбасыларымен және соңғы онжылдықтарда қызмет атқарған шәһидтердің отбасыларымен кездесті.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи соңғы келіссөздердегі Америка жағына: «Бос сөз айтпауға тырысыңдар. Иранның уранды байытуына жол бермейміз деу үлкен қателік. Ислам республикасы ешкімнен рұқсат күтпейді», -деп баса айтты. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі: «Тағы бір жағдайда халыққа олардың бұл табандылықтағы шынайы ниеті мен мақсаты қандай екенін айтамын»,-деді.
Имам Хаменеи шәһид болған Иран президенті аятолла Раисидің жүрегі, сөзі мен ісі ерекшеліктерін сипаттай келе: «Перғаундық биліктен аулақ болу және илаһи билік жолында жүру – елді басқарудың маңызды критерийі. Шәһид Раиси мұндай билікке кемел үлгі болған»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Алланың пенделеріне қызмет ету үшін бар күш-жігерін жұмсауды және жауапкершіліктен туындайтын саяси және әлеуметтік ұстанымдарды пайдаланудан аулақ болуды шәһид Раисиден үлкен сабақ деп атап: «Исламдық жүйеде мұндай сипаттарға ие адамдар көп, бірақ бұл сипаттар мен сабақтар қоғамдық мәдениетке айналуы керек»,-деді.
Аятолла Хаменеи шәһид Раисидің ашықтығы мен шыншылдығына тоқталып: «Бұл мінез-құлықтың маңыздылығын түсіну үшін оны бейбітшілік пен адам құқықтары туралы дауыстары әлемді жаңғыртқан, бірақ көздері Газадағы 20 мыңнан астам баланың өлімін көрмейтін және қылмыскерлерге көмек көрсетіп отырған кейбір батыс елдеріндегі шенеуніктердің өтірік тілімен салыстыру керек», деп басаа айтты.
Аятолла Хаменеи шәһид президенттің түрлі қызметтеріне тоқталып былай деді: «Шәһид Раиси Иран ұлтының ұлттық ар-намысы, абыройы мен беделіне қызмет етіп, оны арттырды».
Имам Хаменеи ордибехешт рейсі кезінде шәһид болғандардың не жас, не жасөспірім немесе революция жеңісі кезінде әлі туылмағандар тоына тоқталып, елдің әр бұрышында осы жастар мен жүздеген мың басқа жастардың тәрбиеленеуін Ислам революциясының бір артықшылығы деп санап: «Бұл – Ислам революциясының 40 жыл бұрын 90 жастағы Аятолла Ашрафи Исфахани шәһид болған жолға 19 жастағы күш-қуатты Арман Аливердиді түсірді, -деді.
Ислам революциясының жетекшісі осындай құдіреті мен үздіксіз жұмылдырылуы бар революцияның жеңілмейтіндігіне тоқталып: «Біз бұл революцияны, оның ізгілендіру күшін, қол жеткізген ілгерілеуін және Иран ұлтының ұлы қозғалысын бағалай отырып, Иран халқының осы мәңгілік сабағы адамзат пен басқа да қалыптасқан халықтар оны жалғастыру үшін Алладан жәрдем сұрауымыз керек»,- деп қосты.